Негізгі Жаңалықтар Құжаттар Байланыстар
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • English
ҚТЖ-ның қаржылық мәселелерін қалай шешуге болады?

Қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырып төңірегінде 2024 жылғы 13 маусымда «Қазақстандық темір жол жүк тасымалдаушылары қауымдастығының» көлік бойынша бас менеджері Ерубаев Айдар Atameken Business арнасындағы «Түскі формат» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, көлік саласынының басқа да мамандарымен бірге әңгіме өрбітті. Атап өтсек, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының қаржылық мәселелерін қалай шешуге болады?» деген сұраққа жауап іздеу әрекет жасалды.
Бағдарламаның басында телекөрермендерге дәл осы сұрақ қойылып, жауап нұсқаларын таңдау арқылы сауалға жауап қайтару ұсынылды. Сауалға қатысқан көрермендердің жауабы мынандай көрініске ие болды:

47% – компаниядағы жемқорлықты жою;
41% – басқару жүйесін толығымен өзгерту;
9% – сатып алулар шараларына ашықтығы қажет;
2% – билет құнын көтеру керек;

Талқылау барысында келесі мүмкіндіктерге назар аударылды:
– Отандық кәсіпкерлердің (бизнес өкілдерінің) инвестициалық потенциалын пайдалану;
– Жүк тасымалдарында бәсекелестікті дамыту – тығырықтан шығудын бірден-бір жолы;
– Теміржолды басқару жүйесін реформалау;
– Жеке жүк тасымалдаушыларына транзиттік тасымалдарға қатысуға жол ашу және барынша мұрша беру, магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне қол жетімділік мерзімін 5 жылға дейін өсіру;
– Теміржол саласының барлық тармақтарының өкілдері мен қоғам мүшелерінен құрылған Нарық кеңесін құру мүмкіндігін қарастыру;
– Ұлттық инфрақұрылым операторы компаниясын «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының құрылымынан жеке дара заңды тұлға ретінде шығару;
– Жолаушы тасымалдарындағы бәсекелестікті дамытуды дұрыс жолға қою;
– Жоғарғы аудиторлық палата басшысының жеке жүк тасымалдаушыларының қызметіне қатысты айтылған сынға жауап қайтарылды.