Негізгі / Басшылық
Евгений Андреевич Больгерт
«Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» ЗТБ бас директоры.
Ресей Федерациясы Әділет Министрлігі Ресей Құқықтық Академиясын (Мәскеу қ./Санкт-Петербург қ.) үздік бітірген, заңгер біліктілігі бар. Дрезден университеті заң факультетінің Еуропалық құқық кафедрасында (Германия, Дрезден қ.) оқудан өткен. Ұлыбританияда, Данияда, Германияда, Австралияда тағылымдамадан өткен. Master of business administration (MBA) дәрежесі бар. Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.
Одан бұрын т/ж көлігі саласындағы озық коммерциялық компанияларында басшылық қызметтерді атқарған, Республикалық тау-кен өндіру және тау-металлургия кәсіпорындары қауымдастығында атқарушы директордың орынбасары болып жұмыс істеген.
Сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Мүшесі – Төраға Орынбасары және «Қазақстанның Сыртқы сауда Палатасы» ЖШС Қадағалау кеңесінің Төрағасы лауазымдарын атқарған.
Мемлекеттік, салалық және ведомстволық наградалармен марапатталған:
• «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
• Металлургия өнеркәсібін дамытуға қолдау көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төз белгісі;
• Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытқаны үшін ІІ дәрежелі «Атамекен» төс белгісі;
• Қазақстанның тау-кен – металлургия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрмет грамотасы;
• Мемлекеттік және қғамдық қызметтегі жетістіктері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқаны, халықтар арасындағы достастық пен ынтымақтастықты нығайтқаны үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы;
• Өнеркәсіпті дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төс белгісі;
• Қазақстан халықтарының бірлігін, қоғамдық келісімді және қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін Қазақстан Халықтары ассамблеясының құрмет грамотасы;
• Қауіпсіздік Кеңесінің Ведомствоаралық комиссиясының экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмысына қосқан үлесі және белсенді қатысқаны үшін алғыс хат.